Қазақстан көмірі Еуропада ресейлік көмірдің орнын басты

Ulysmedia

Қазақстан өткен жылы Ресей арқылы Еуропаға көмір экспортын 11,2 пайызға арттырды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz Eurostat деректеріне сілтеме жасап.

Фото: Ашық дереккөз

Негізінен қазақстандық көмір Еуропа елдеріне Балтық елдерінің порттары – бірінші кезекте Латвия арқылы жөнелтілді. Қазақстан көмірі Еуропада ресейлік көмірді алмастырды. 2022 жылдың 11 айында Еуропалық Одақ (ЕО) елдеріне Қазақстаннанан 4,9 млн тоннаға жуық көмір әкелінген.

2021 жылы Қазақстаннан экспортталған көмір небәрі 780 мың тоннаны құраған болатын. Ал ресейлік көмір компаниялары мұнайды Азияға жөнелтуде.

Жалпы, 2022 жылы Ресейдің шетелге көмір жеткізу көлемі жылдық есеппен есептегенде жеті пайызға азайды. 

2022 жылдың қазан айында Ресей премьер-министрінің бірінші орынбасары Андрей Белоусов жергілікті компаниялар санкцияларға байланысты экспортқа көмірді 50-60 пайыздық жеңілдікпен тасымалдап жатқанын мәлімдеген.