Air Astana Дубайға тұрақты рейстерін қалпына келтіреді

Сырым Қаржас
Pixabay.com

Air Astana Дубаймен әуе қатынасын қалпына келтіреді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Толығырақ

Air Astana 2026 жылғы 1 қазаннан бастап Алматы – Дубай – Алматы және 2026 жылғы 2 қазаннан бастап Астана – Дубай – Астана бағыттары бойынша тұрақты рейстерін қалпына келтіруді жоспарлап отыр.

Қазан айында ұшу жиілігі біртіндеп ұлғаяды:

  • Алматы – Дубай – Алматы бағытында 4 рейстен бастап айдың соңына дейін аптасына 12 рейске дейін.
  • Астана – Дубай – Астана бағытында 3 рейстен бастап айдың соңына дейін аптасына 10 рейске дейін.

Әуекомпания Таяу Шығыстағы жағдайды бақылауда және қажет болғанда ұшу кестесін түзетуі мүмкін, сондай-ақ өзгерістер туралы жолаушыларды хабардар етеді.