16 қыркүйектегі сауда-саттық қорытындысы бойынша еуро мен рубль де арзандады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Толығырақ
Қазақстан қор биржасында (KASE) доллар 2,85 теңге арзандады. Күн қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 444,83 теңге болды. Сатылымдағы ең төменгі ұсыныс 444 теңгеге дейін түсті.
Еуро да әлсіреді. Оның бағасы 2,9 теңге төмендеп, орташа сараланған бағамы 513,31 теңге болды.
Рубль 0,03 теңге арзандады. Оның орташа бағамы 5,28 теңге болды. Бұл ретте рубльмен жасалған сауда көлемі барлық валюталар арасында ең жоғары көрсеткішке жетіп, шамамен 2,4 миллиард бірлікті құрады.