"Даму" арқылы 100 млн теңге несие алып беремін деген астаналық 4,5 жылға сотталды

Сырым Қаржас
Ulysmedia коллажы

Ол «көмегі» үшін әр адамнан 1 миллион теңгеден алып, консалтинг қызметін көрсету бойынша жалған келісімшарттар жасаған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Толығырақ

Астана соты алаяққа 4 жыл 6 ай бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Ол адамдарға «Даму» қорының бағдарламасы арқылы 100 миллион теңгеге дейін жеңілдетілген несие алып беруге уәде берген. «Көмегі» үшін әрқайсысынан 1 миллион теңгеден алып, консалтингтік қызмет көрсету туралы жалған келісімшарттар жасасқан.

– Ол барлығы төрт адамды алдаған. Келтірілген жалпы шығын 4 миллион теңгені құрады. Прокуратура оның кінәсін толық дәлелдеді. Сот үкімі заңды күшіне енді, – деп хабарлады прокуратура.

Еске салайық, несие алып беруге сыйақы үшін көмектесемін деген ұсыныстар, әсіресе делдалдар арқылы жасалса, көп жағдайда алаяқтық болып шығады. Мұндай мәселелер бойынша тек уәкілетті ұйымдарға жүгіну қажет.

Контекст

Бұған дейін Астанада World Business Consulting қаржы пирамидасын басқарған әйелдің сотталғанын жазған едік. Ол екі адамды 23 миллион теңгеге алдап, бес жылға бас бостандығынан айырылды.

Жалпы, 2018-2021 жылдары пирамида Қазақстан азаматтарынан 5,8 миллиард теңге жинаған. Алаяқтар адамдарға жалған «инвестициялық бағдарламаларға» ақша салуды ұсынған. Қаражат бухгалтерлік есепке алынбай, қолма-қол жиналған.