Бірнеше күн қатарынан арзандаған доллар Қазақстан қор биржасындағы сауда-саттық қорытындысы бойынша айтарлықтай қымбаттады. 18 қыркүйектегі сауда нәтижесінде америкалық валюта 2 теңгеден астамға өсті. Негізгі валюталардың барлығы дерлік қымбаттады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Теңге сәл әлсіреді
Доллардың бағамы 447,08 теңгеге дейін көтеріліп, бір күнде 0,49%-ға өсті. Алдыңғы күні оның құны 444,91 теңге болған. Осылайша, бір сауда күнінде америкалық валюта 2,17 теңгеге қымбаттады.
Бұған дейін доллар айтарлықтай арзандаған еді. 9 қыркүйекте оның бағамы 456,61 теңге болса, 17 қыркүйекке қарай 444,91 теңгеге дейін төмендеді. Осы кезеңде доллар 11,70 теңгеге арзандаған. Бүгінгі өсім әзірге оның жоғалтқан құнының бір бөлігін ғана қайтарды.
Рубль басқа валюталардан озып түсті
Пайыздық көрсеткіш бойынша ең жоғары өсімді рубль көрсетті. Оның бағамы 0,89%-ға өсіп, 5,3102 теңгеге жетті.
Еуро 0,51%-ға қымбаттап, 513,60 теңге болды. Қытай юані 0,59%-ға өсіп, 66,7049 теңгеге жетті.