Ауа сапасы нашарлайды: Алматының тұрғындарына ескерту жасалды

Ulysmedia
Ulysmedia.kz ЖИ

Қазгидромет сегіз қаланың тұрғындарына ескерту жасады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Синоптиктер мәліметінше, 19 қыркүйекте Қарағанды, Балқаш, Теміртау, Орал, Атырау, Ақтөбе, Алматы қалаларында және түнде Астанада қолайсыз метеорологиялық жағдай болады.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай - ауаның беткі қабатында зиян заттар шоғырлануына ықпал ететін қысқа мерзімді метеофакторлар (тымық ауа райы, жел болмауы, тұман) жиынтығы.