Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Астанада жас футболшылармен кездесті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Мән-жай
Кездесу барысында Мемлекет басшысы жас футболшылардан кімге еліктейтінін сұрады. Бұл туралы журналист Әділ Балтабаев айтып берді.
Оның сөзінше, балалар Килиан Мбаппе мен Криштиану Роналду секілді әлемге әйгілі футболшылардың есімдерін атаған. Сонда Тоқаев қазақстандық футболшы Дастан Сәтбаевты еске салған.
- Президент жас футболшылармен әңгімелесіп, кімге еліктейтіндерін сұрады. Әрине, балалар Мбаппе, Роналду деп айта бастады. Сонда Президент: «Дастан Сәтбаев та бар емес пе?» деді, - деп жеткізді Балтабаев.
Дастан Сәтбаев - 18 жастағы қазақстандық шабуылшы, «Қайрат» клубының түлегі әрі Қазақстан құрамасының ойыншысы.
2026 жылдың жазында ол Лондонның «Челси» клубына ресми түрде ауысып, 2033 жылға дейін келісімшартқа қол қойды. Кейін Англия Чемпионшипінде өнер көрсететін «Бернли» клубына бір маусымға жалға берілді.
Еске салайық, бұған дейін «Бернли» бапкері Ники Хайен 39 жастағы Джейми Вардидің клубтың жас футболшыларына, соның ішінде 18 жастағы қазақстандық Дастан Сәтбаевқа қалай көмектесетінін айтқан еді.