Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Таза Қазақстан» акциясына қатысушылар алдында сөз сөйлеп, елдегі жолдардың жай-күйіне ерекше тоқталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Мемлекет басшысы Үкімет пен әкімдерге қала ішіндегі жолдардың, сондай-ақ, ірі және шағын елді мекендерден тыс жатқан тасжолдардың сапасына айрықша көңіл бөлуді тапсырды.
- Бұл - біздің ең осал тұсымыз, оны мойындаған жөн. Мұны ешкім шеше алмады немесе шешуге құлық танытпады. Масқара жағдай. Оны саботаж деуге болады. Заң аясында қатаң шаралар қолданамыз, - деді Тоқаев.
Президент жол инфрақұрылымының сапасына қатысты мәселені жүйелі түрде шешу қажет екенін атап өтті.
Еске салайық, бұған дейін Степногорск тұрғындары жаңадан жөнделген жолдың сапасын тексеріп, бірқатар кемшілік анықтаған еді. Жұмыс сапасыз орындалған: жиектастарды қолмен-ақ қозғауға болады, ал асфальт бөліктерге бөлініп, үгітіліп жатқан.