TikTok эфирінде марғауды қинаған ер адам табылып, жазаланды

Сырым Қаржас
Видеодан алынған кадр

Қызылорда полициясы TikTok-та тікелей эфир кезінде марғауды қинаған ер адамды анықтап, оған айыппұл салды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Толығырақ

Ол Жамбыл облысының 43 жастағы тұрғыны Серік Кетенов болып шықты. Бейнежазба әлеуметтік желілерде тарағаннан кейін полицейлер оның жеке басын дереу анықтаған.

Кетеновке әкімшілік айыппұл салынды. Сонымен қатар полиция оған жануарларға қатыгездік көрсету қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғуы мүмкін екенін ресми түрде ескертті. Полицияның мәліметінше, марғау аман, зардап шекпеген.

Мән-жай

Видеода ер адам марғаудың құлағын тістеп, ал оның қызы көрермендердің пікірлерін оқып отырған. Мұның бәрі қаралым мен сыйлық алу үшін тікелей эфирде жасалған.

Желі қолданушылары оқиғаға байланысты тексеру жүргізуді талап етті. Кейін ер адам кешірім сұрап, видео жариялады.