Кристина Морозова Қазақстанға Азия ойындарындағы тарихи күміс медальді сыйлады

Сырым Қаржас
Қазақстан ұлттық олимпиада комитеті

Аичи және Нагояда (Жапония) өтіп жатқан 2026 жылғы Азия ойындарында жеңіл атлетикадан жарыстар басталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Толығырақ

Бұл спорт түріндегі алғашқы жүлделер жартылай марафон қашықтығындағы спорттық жүрістен сарапқа салынды.

Әйелдер арасындағы бәсекеде Қазақстан өкілі Кристина Морозова 1:35:25 нәтижесімен күміс медаль жеңіп алды.

Жарыста Қытай спортшысы Ян Люцзин 1:33:40 уақыт көрсеткішімен жеңіске жетті. Үздік үштікті тағы бір қытайлық спортшы Юньянь Цзян 1:35:26 нәтижесімен түйіндеді.

Қазақстан құрамасының тағы бір мүшесі Эльмира Калимуллина 1:43:21 нәтижесімен алтыншы орынға ие болды.

Қазақстан үшін тарихи медаль

Морозованың күміс жүлдесі Қазақстан әйелдері арасында Азия ойындарындағы спорттық жүрістен жеңіп алған алғашқы медаль болды. Бұған дейін Светлана Толстая екі рет қола жүлдеге ие болған — 1998 жылы 10 шақырымдық қашықтықта және 2002 жылы 20 шақырымда.