Тарихи жетістік: қазақстандық велошабандоз Азия ойындарының алты дүркін чемпионы атанды

Сырым Қаржас
Қазақстан ұлттық олимпиада комитеті

Қазақстандық велошабандоз Алексей Луценко Аичи мен Нагояда (Жапония) өтіп жатқан 2026 жылғы Азия ойындарында топтық жарыста алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Толығырақ

Бұл жеңіс Қазақстан құрамасының көшбасшысы үшін Азия ойындарындағы алтыншы чемпиондық атақ болды. Осылайша, Луценко жазғы Азия ойындарында жеңіп алған алтын медаль саны бойынша ұлттық құрама рекордын жаңартты.

Осы ойындарға дейін бұл рекорд қазақстандық каноэші Константин Негодяевқа тиесілі болған. Ол Азия ойындарында бес рет чемпион атанған: Хиросима-1994 ойындарында үш алтын медаль, Бангкок-1998-де тағы екі алтын жүлде жеңіп алған.

Бұған дейін

2026 жылғы Азия ойындарында Луценко бұған дейін жекелей уақытқа жарыста жеңіске жетіп, құрлықтық ойындардағы жеңістерінің санын беске жеткізген еді. Оған дейін ол 2014, 2018 және 2022 жылдары жекелей уақытқа жарыста чемпион атанса, 2018 жылы Джакартада өткен ойындарда топтық жарыста жеңіске жеткен. Сондай-ақ оның қоржынында 2022 жылғы Азия ойындарындағы топтық жарыстың күміс медалі бар.

Осылайша, қазіргі Азия ойындарында өткен топтық жарыстағы жеңісінен кейін Луценко жазғы Азия ойындарында алты алтын медаль жеңіп алған тәуелсіз Қазақстан тарихындағы алғашқы спортшы атанды.