Президент Алматыдағы форумда қаза тапқан әскери қызметшілерді бір минут үнсіздікпен еске алды

Сырым Қаржас
Ақорда

Бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыда «Қазақстан – Қытай» инвестициялық форумына қатысып жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Толығырақ

Жиын басталмас бұрын форум қонақтары Маңғыстау облысындағы қайғылы оқиға салдарынан қаза тапқан әскери қызметшілерді бір минут үнсіздікпен еске алып, рухына тағзым етті.

Каспийдегі қайғылы оқиға

24 қыркүйекте Маңғыстау облысында әскери оқу-жаттығу кезінде ауа райы күрт нашарлап, жел күшейген. Соның салдарынан әскери қызметшілердің бір тобы теңізге батып кеткен.

Нақтылаған мәлімет бойынша, суға 17 адам түскен. Оның 12-сі қаза тапты, үшеуі құтқарылды, тағы екі әскери қызметшіні іздеу жұмыстары жалғасып жатыр.

Оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалды. Арнайы комиссия қайғылы жағдайдың себептері мен барлық мән-жайын анықтап жатыр.

Оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаевтың төрағалығымен үкіметтік комиссия құрылды.

Кейінірек Маңғыстауда қаза тапқан 12 әскери қызметшінің аты-жөні жарияланды. Қаза тапқандардың арасында Қазақстан чемпионатының жүлдегері болған.

25 қыркүйекте екі әскери қызметшінің денесі табылды.