Тілеуберді мен Лавров БҰҰ Бас Ассамблеясы аясында кездесті

Ulysmedia
СІМ

Қазақстанның сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді БҰҰ Бас Ассамблеясының 81-сессиясы аясындағы жоғары деңгейлі апталық кезінде Ресейдің сыртқы істер министрі Сергей Лавровпен кездесті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Қазақстан мен Ресей қарым-қатынасы талқыланды

Кездесуде тараптар екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі жай-күйін және алдағы жоспарларды талқылады.

Министрлер бұған дейін екі ел президенттері мен үкіметтері деңгейінде қол жеткізілген уағдаластықтардың қалай жүзеге асып жатқанын да жеке қарастырды.

Халықаралық мәселелер де сөз болды

Тілеуберді мен Лавров өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі мәселелер бойынша пікір алмасты.

Сондай-ақ Қазақстан мен Ресейдің халықаралық ұйымдар мен көпжақты алаңдар аясындағы өзара іс-қимылына назар аударылды.

Кездесу қорытындысында тараптар Қазақстан мен Ресей арасындағы стратегиялық әріптестік пен одақтастық қатынастарды одан әрі дамытуға мүдделі екенін растады.

Еске салайық, бұған дейін Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің сыртқы істер министрлері АҚШ-та БҰҰ Бас Ассамблеясының 81-сессиясы аясында бейресми кездесу өткізген еді.