Каспийдегі қайғылы оқиғадан аман қалған үш әскери қызметші мемлекеттік наградамен марапатталды

Ulysmedia
Ulysmedia.kz коллажы

Каспий теңізіндегі қайғылы оқиға кезінде аман қалған үш әскери қызметші «Ерлігі үшін» медалімен марапатталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Мән-жай

Тиісті Жарлыққа 27 қыркүйекте қол қойылған.

Құжатта әскери қызметшілер әскери борышын атқару кезінде көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы үшін марапатталғаны айтылған.

Бекет Қуандық пен Ақжол Темерхан матрос-атқыш болып қызмет етеді. Ал Никита Удалов - санитар-нұсқаушы.

Оқиға туралы не белгілі?

24 қыркүйекте «Хазар Қорғаны – 2026» оқу-жаттығуы кезінде 17 әскери қызметші суға кеткен.

Олардың үшеуі судан өз күшімен шығып, аман қалды. 14 әскери қызметші қаза тапты.

Бұған дейін қаза тапқан 14 әскери қызметші қайтыс болғаннан кейін II және III дәрежелі «Айбын» ордендерімен марапатталған.