LRT-де 10 миллион сапар жасалды: ең танымал бекеттер белгілі болды

Ақорда

Астанадағы Tarlan Astana LRT желісіндегі жолаушылар сапары 10 миллионнан асты. Қыркүйекте тәулігіне шамамен 80 мың адам пайдаланған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ең танымал бекет – «Университет». Іске қосылғалы бері бұл бекет арқылы 1,5 миллионға жуық жолаушы өткен.

Екінші орында – 1,2 миллион жолаушы пайдаланған «Бәйтерек» бекеті. Үшінші орында 1,06 миллион жолаушымен «Нұрлы жол» бекеті тұр.

Контекст

Бұған дейін Ulysmedia.kz елордадағы LRT құрылысына қанша қаржы жұмсалып жатқанын талдаған еді.

2026 жылдың алғашқы сегіз айында Астанада теміржол және метро құрылысына атқарылған жұмыстардың көлемі 306,5 млрд теңгеге жетті.

Бұл былтырдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,2 есе көп.

Қаржының едәуір бөлігі LRT-нің екінші және үшінші кезеңдерін салуға жұмсалған.