«Алматы әлдеқайда жақсы»: Павлодарға тіл тигізген әйел жазаланды

Видео кадры

41 жастағы Алматы тұрғыны Шынар Ақаева әлеуметтік желіде Павлодар туралы балағат сөз айтқаннан кейін айыппұл арқалады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Мән-жай

Видеоны полиция қызметкерлері әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу кезінде анықтаған.

Жарияланған видеода әйел Павлодар туралы:

– Бұл жерде тұрғанмын, бірақ қала ұнамайды. Алматы әлдеқайда жақсы, – деп, балағат сөз айтқан.

ПД не дейді?

Полиция әлеуметтік желідегі аккаунт иесін анықтады. Ол 41 жастағы Алматы тұрғыны Шынар Ақаева болып шыққан.

Әйелге ұсақ бұзақылық дерегі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.

Сот оған 86 500 теңге айыппұл салды.

Полиция әлеуметтік желілердегі заңға қайшы мазмұндағы жарияланымдар мен тікелей эфирлерге де құқықтық баға берілуі мүмкін екенін ескертті.