Алматы – Екатеринбург тасжолындағы жол апатынан әйел қаза тапты

Қостанай облысы ПД

29 қыркүйекте таңертең Алматы – Екатеринбург  тасжолындағы жол апатынан әйел қаза тапты,тағы екі адам жарақат алды. Оқиға жолдың 384-шақырымында болған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Мән-жай

Қостанай облысы полициясының мәліметінше, «Газель» жүргізушісі қарсы бағыттағы жолаққа шығып кетіп, «Лада Калина» көлігімен соқтығысқан.

Жеңіл көлікті басқарған әйел оқиға орнында көз жұмды.

«Газель» жүргізушісі мен «Лада» жолаушысы ауруханаға жеткізілді.

Қазір жол апатына қатысты тергеу жүріп жатыр.

– Қазір қажет тергеу амалдары жүргізіліп, оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр, – деп хабарлады полиция.

Жүргізушілерге шаршаған күйде көлік жүргізудің қауіпті екені ескертілді

Жол апатынан кейін полиция ұзақ сапарда ұйқышылдық пен шаршаудың қаншалық қауіпті екенін тағы бір рет еске салды.

– Алыс жолға шығар алдында міндетті түрде жақсылап ұйықтап, демалып алыңыз. Егер ұйқы қысып, шаршағаныңызды немесе зейініңіздің төмендегенін сезсеңіз, көлік жүргізбеңіз. Ал жол үстінде болсаңыз, қауіпсіз жерге дереу тоқтап, тынығып алыңыз, – деп мәлімдеді ведомство.

Полиция мамандары «қалай да жетіп алу керек» деп тәуекелге бармауға шақырды.