Қазақстанда кейінгі 85 жылдағы ең ыстық жаз тіркелді

Freepic

2026 жылдың жазы Қазақстанда 1941 жылдан бері жүргізіліп келе жатқан метеорологиялық бақылау тарихындағы ең ыстық кезең ретінде тіркелді. Ел бойынша орташа ауа температурасы +23,7 °C болды. Бұл климаттық нормадан екі градустан астам жоғары, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Сегіз облыста температуралық рекорд жаңарды

Кейінгі 85 жылдағы ең ыстық жаз ел бойынша ғана емес, сегіз облыста да тіркелді. Атап айтқанда, Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Павлодар, Абай, Жетісу және Ұлытау облыстарында рекордтық көрсеткіштер тіркелген. Бұл деректерді Орталық Азия климаттық қоры келтірді.

2026 жылдың жазында Қазақстан бойынша ауаның орташа температурасы +23,70 °C болды. Бұл 2025 жылдың жазындағы көрсеткіштен (+22,67 °C) 1,04 °C жоғары.

Мамырдан тамызға дейінгі кезеңді алғанда, метеорологтар тоғыз облыста айлық орташа температура бойынша 12 жаңа рекорд тіркеген.

Жекелеген рекордты шілде айы жаңартты. Ол Қазақстандағы метеобақылау тарихындағы ең ыстық шілде болды.

Түркістанда +47,6 °C-қа дейін көтерілді

18 шілдеде Түркістанда ауа температурасы +47,6 °C-қа жетті. Бұл 2026 жылғы жазғы аптап кезінде Қазақстанда ресми тіркелген ең жоғары температура болды.

Шымкентте термометр бағаны +45,2 °C, Қызылордада да +45,2 °C-ты көрсетті.

Алматыда 20 шілдеде +41,5 °C, Астанада 14 шілдеде +38,6 °C температура тіркелді.

Орталық Азия климаттық қоры мұндай температура адамдардың денсаулығына ғана емес, басқа да салаларға әсер етуі мүмкін екенін атап өтті. Ұзаққа созылған аптап ыстық пен жауын-шашынның аздығы құрғақшылық қаупін күшейтіп, су тапшылығына, егін түсімінің төмендеуіне және мал шаруашылығындағы мәселелерге әкелуі мүмкін.