Қазақстанда күн суытады: ауа температурасы -6 градусқа дейін төмендейді

Синоптиктер Қазақстандағы ауа райына болжам жасады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Толығырақ

2 қазан, жұма күні атмосфералық фронттардың әсерінен Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады. Жаңбыр жауып, елдің батысы мен солтүстік-батысында жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын болжанады. Жел күшейеді.

Елдің батысында ауа температурасы түнде -6…-1 °C-қа дейін төмендеп, күндіз +3…+8 °C болады. Солтүстік-батыста күндіз ауа температурасы +15…+25 °C-тан +5…+15 °C-қа дейін төмендейді.

Қазақстанның солтүстігі, шығысы мен орталығында ауа температурасы +13…+23 °C, оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында +20…+25 °C болады. Таулы аймақтарда ауа температурасы +10…+15 °C шамасында күтіледі.