Қазақстандық боксшы Төрехан Сабырхан Аичи мен Нагояда (Жапония) өтіп жатқан 2026 жылғы Азия ойындарының алтын медалін жеңіп алды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Толығырақ
70 келіге дейінгі салмақ дәрежесінің финалында отандасымыз Иордания өкілі Зеяд Ишаишпен қолғап түйістірді.
Жекпе-жектің алғашқы раундында төрешілердің барлығы жеңісті Төреханға берді. Екінші раундта да қазақстандық боксшы қарсыласынан басым түсті. Бұған қоса, иорданиялық спортшыдан бір ұпай шегерілді. Нәтижесінде Төрехан Сабырхан басымдығын сақтап, төрешілердің шешімімен жеңіске жетті.
Бұл – Қазақстан құрамасының бокстан биылғы Азиададағы алғашқы алтын медалі. Айта кетейік, қазақстандық боксшылар бұған дейін Азия ойындарында соңғы рет 2014 жылы топ жарған еді.
Айта кетейік, бұл жекпе-жекте Төрехан Сабырхан 2026 жылдың сәуірінде Моңғолияның Ұлан-Батыр қаласында өткен Азия чемпионатының финалындағы жеңілісінің қарымтасын қайтарды. Сол кезде де ол 70 келіге дейінгі салмақ дәрежесінің шешуші кездесуінде Зеяд Ишаишпен кездесіп, қарсыласына есе жіберген еді. Нәтижесінде Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанған.