Қазақстанда күн райы күрт құбылады

Ulysmedia

3-5 қазан аралығында Қазақстанда ауа райы күрт өзгереді. Солтүстіктен келетін циклонның әсерінен күн суытып, жаңбыр мен қар жауады. Кей өңірлерде көктайғақ пен боран соғуы мүмкін. Ел аумағында жел күшейеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Толығырақ

Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр мен қар жауады. Кезең соңына қарай солтүстікте түнде қар, көктайғақ және бұрқасын. Оңтүстік пен шығыста жаңбыр жауады. Батыс пен солтүстікте таңертең тұман түсуі мүмкін.

Күн елдің солтүстік жартысында суытады. Түнде ауа температурасы -1…-6 градусқа дейін төмендейді. Күндіз солтүстік-батыс, солтүстік және орталық өңірлерде ауа температурасы 0…+5 градус аралығында болады.

Шығыста +7…+12, оңтүстік пен оңтүстік-шығыста +10…+15 градусқа дейін жылынады. Таулы аймақтарда күндіз ауа температурасы 0…+5 градус шамасында болады.

Ең жылы ауа райы батыста сақталады: онда күндіз +10…+18 градусқа дейін жылы болады.

Контекст

Айта кетейік, синоптиктердің болжамынша, жалпы қазан айы жылы болады. Қазақстанның басым бөлігінде орташа ауа температурасы климаттық нормадан 1-2 градус жоғары болады.

Суық күндер ұзаққа созылмайды. Бірінші онкүндіктің екінші жартысында оңтүстіктен Орта Азияның жылы ауасы келеді. Соның әсерінен еліміздің басым бөлігінде күндіз ауа температурасы +15…+20 градусқа дейін көтеріледі.