Қазақстанда қар аралас жаңбыр жауып, боран соғады

Pixabay.com

6-8 қазан аралығында елдің басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады. Синоптиктер жаңбыр, қар аралас жаңбыр, көктайғақ, бұрқасын және желдің күшеюін болжайды. Түнде және таңертең тұман түседі, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Солтүстікте және солтүстік-батыста

Ең төмен температура елдің солтүстік-батысы мен солтүстігінде тіркеледі. Түнде ауа температурасы 1-6 градус аязға дейін төмендеп, күндіз 0…+5 градус аралығында болады. Сонымен қатар қысқа мерзімді жылыну болжанып, түнде +13, күндіз +20 градусқа дейін көтерілуі мүмкін. Солтүстік-батыста, солтүстікте және шығыста жаңбыр аралас қар жауып, бұрқасын соғуы ықтимал.

Батыста

Батыста ауа райы әлдеқайда жылы болады. Түнде +2…+12, күндіз +17…+22 градусқа дейін көтеріледі.

Шығыста және орталықта

Орталық және шығыс өңірлерде түнде ауа температурасы 0…+7, күндіз +2…+15 градус аралығында болады. Бұл аймақтарда да жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын жаууы мүмкін.

Оңтүстікте және оңтүстік-шығыста

Оңтүстік пен оңтүстік-шығыста түнгі температура +2…+8-ден +5…+10 градусқа дейін, күндіз +12…+17-ден +17…+22 градусқа дейін болады. Таулы аймақтарда түнде 3 градусқа дейін аяз күтіледі. Күндіз ауа температурасы +4…+14 градусқа дейін көтеріледі.