Елдің басым бөлігінде ауа райы бұзылады

depositphotos

8-10 қазан аралығында елдің басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады. Синоптиктер жаңбыр, қар аралас жаңбыр, көктайғақ, желдің күшейіп, таңертең тұман болатынын болжап отыр. Жауын-шашын елдің батысы мен оңтүстігінде ғана түспейді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Батыс

Елдің батысында ауа райы ең жылы болады. Түнде +5…+16 градус, күндіз ауа температурасы +17…+27 градусқа дейін көтеріледі. Жауын-шашын болмайды.

Солтүстік және солтүстік-батыс

Солтүстік-батыста, солтүстікте және орталықта түнде ауа температурасы -1…-6 градусқа дейін төмендейді. Күндіз +10…+17 градус аралығында болады. Жаңбыр, қар аралас жаңбыр жауады.

Шығыс

Шығыста түнде 0…+8 градус болады. Күндіз айтарлықтай суытып, ауа температурасы +10…+15 градустан +2…+7 градусқа дейін төмендейді. Синоптиктер бұл өңірде көктайғақ болатынын ескертеді.

Оңтүстік және оңтүстік-шығыс

Оңтүстік пен оңтүстік-шығыста түнде +3…+10, күндіз +17…+25 градус жылы болады. Таулы аймақтарда түнде -2 градусқа дейін үсік жүруі мүмкін, күндіз ауа температурасы +12…+17 градус болады. Жауын-шашынсыз.