Түркиядағы зілзала: үйінді астында 11 тәулік жатқан қыз құтқарылды

Ulysmedia
Фото: Ашық дереккөз

Түркияның Хатай провинциясында жойқын жер сілкінісінен 248 сағат өткен соң 17 жастағы қыз құтқарылғанын мәлімдеді Аnadolu агенттігі. Ақпарат көзінің жазуынша, Алейна Олмез Кахраманмараш қаласындағы Каябашы ауданындағы тұрғын үйдің қирандыларының астында 11 күн бойы жатқан.

«Алғашқы көмек көрсеткеннен кейін дәрігерлер оны ауруханаға жіберді», - делінген хабарламада,

Апат аймағында іздеу-құтқару жұмыстары 11 күннен бері жалғасып жатыр.

Эпицентрі Түркияның оңтүстік-шығысында болған жойқын жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 36,1 мыңнан асты.