Ресей Федерациясының соты Владимир Жириновскийдің некесіз туған ұлы Олег Эдельштейнді 15 күнге қамауға алу туралы үкім шығарды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz тілшісі РИА Новости-ға сілтеме жасап.
Ақпарат көзіндегі мәліметтерге қарағанда, Олег Эйдельштейн Мәскеу мейрамханаларының бірінде төбелесіп, артынан полиция бөлімінен бір-ақ шыққан. Полиция бөліміне келіп түскенде ол тәртіп сақшыларын балағаттап, содан кейін олардың біріне қол жұмсаған.
"Оған 15 тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алу жөнінде жаза тағайындалды", делінген сот хабарламасында.
2021 жылдың сәуірінде Внуково әуежайында Олег Эйдельштейн Солтүстік Осетияның бұрынғы басшысының ұлы Зелимхан Битаровпен төбелесіп, бұған дейін де көзге түскен болатын.
Ұзақ уақыт ауырған Владимир Жириновский 2022 жылы 6 сәуірде көз жұмды.