Ақтөбелік кәсіпкер қауіпті қалдықтарды заңсыз өңдеп, 393 млн теңге тапқан

ЖИ/ Ulysmedia

Ақтөбеде «ЖАН-АМИ и К» ЖШС директоры қауіпті мұнай қалдықтарын заңсыз өңдегені үшін кінәлі деп танылды. Кәсіпорын екі жыл бойы лицензиясыз жұмыс істеп, 1 400 тоннадан астам қалдықты өңдеген. Заңсыз табыс көлемі 393 млн теңгеге жеткен. Алайда сотталған азамат амнистияға байланысты негізгі жазадан босатылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Мән-жай

Прокуратура 2024-2025 жылдары «ЖАН-АМИ и К» ЖШС мемлекеттік лицензиясыз қауіпті мұнай қалдықтарын өңдегенін анықтады. Осы кезеңде кәсіпорын 393 млн теңге табыс тапқан.

Кейін прокуратура материалдары негізінде қылмыстық іс қозғалды. Тергеуді Экономикалық тергеп-тексеру департаменті жүргізді.

Сот үкімі және рақымшылық

2026 жылғы 17 тамызда Ақтөбе қаласының №2 соты серіктестік директорын кінәлі деп танып, мүлкін тәркілей отырып, екі жыл алты айға бас бостандығын шектеу жазасын тағайындады.

Алайда рақымшылық туралы заң негізінде сотталған азамат негізгі жазадан босатылды. Сонымен қатар 393 млн теңге көлеміндегі заңсыз табыс мемлекет кірісіне өндірілді.

Апелляциялық саты сот үкімін өзгеріссіз қалдырды. Үкім заңды күшіне енді.