Қазақстанның халық әртісі, композитор Бақир Баяхунов қайтыс болды

Қазақстанда композитор, Қазақстанның халық әртісі, профессор Бақир Яхияұлы Баяхунов өмірден өтті. Марқұмның отбасына Мәдениет және ақпарат министрлігі көңіл айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Толығырақ

Бақирр Баяхунов өмірін музыка өнеріне арнады. Ол қазақтың музыкалық мұрасы мен Шығыс халықтарының әуендерін еуропалық академиялық дәстүрмен ұштастырды. Министрліктің бағалауынша, композитордың шығармалары елдің рухани мұрасын байыта түсті.

Баяхунов Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында 40 жылдан астам уақыт сабақ беріп, кәсіби музыканттардың бірнеше буынын тәрбиелеп шығарды.