Қазгидромет бірнеше қаланың тұрғындарына ескерту жасады

Ulysmedia.kz коллажы

Қазгидромет бірнеше қаланың тұрғындарына ескерту жасады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Синоптиктер мәліметінше, 17 қазанда Ақтөбе, Алматы қалаларында, түнде Қостанай, Қарағанды, Теміртау, Астанада қолайсыз метеорологиялық жағдай болады.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай - ауаның беткі қабатында зиян заттар шоғырлануына ықпал ететін қысқа мерзімді метеофакторлар (тымық ауа райы, жел болмауы, тұман) жиынтығы.