АҚШ мемлекеттік хатшысы Марко Рубио жергілікті журналистердің өзіне өзбекше емес, орысша сөйлегеніне таңғалды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Мән-жайы
Самарқандта АҚШ мемлекеттік хатшысы баспасөз өкілдерінің бірінен өзбек тілін білетін-білмейтінін сұраған. Журналист орыс тілінде сөйлегенді жөн көретінін айтқанда, Рубио республикадағы тілдердің мәртебесіне қатысты ескерту жасады.
Дәйексөз
– Сіз жергілікті тілде, өзбек тілінде сөйлейсіз бе? Бұл орыс тілі ме? Жарайды. Бұл (орыс тілі – ред.) енді мұнда ресми тіл емес. Дегенмен мұнда көп адамның орысша сөйлейтіні жақсы. Келесі жолы (өзбекше сөйлесеміз деп – ред.) үміттенемін, – деді Марко Рубио.
Контекст
Рубио 18 қазанда Самарқандқа барды. Әуежайда оны Өзбекстан президенті әкімшілігінің басшысы Саида Мирзиеева мен сыртқы істер министрі Бахтиер Саидов қарсы алды.
19 қазанда АҚШ мемлекеттік хатшысы тарихи Регистан кешенін аралап, «С5+1» форматындағы министрлер кездесуіне қатысты. Жиында өңірлік қауіпсіздік мәселелері талқыланды.