Армения премьер-министрі Никол Пашинян Мемлекеттік протокол қызметінің басшысы Гагик Ваноянды қызметінен босатты. Мұндай шешім Қырғызстан президенті Садыр Жапаровпен кездесуде кеткен өрескел қателіктен кейін қабылданды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Президентті шатастырып алды
17 қазанда Ереванда Никол Пашинян Садыр Жапаровпен кездесті. БАҚ өкілдеріне мәлімдеме жасау кезінде Армения премьер-министрі алдын ала дайындалған мәтінді оқып тұрып, қырғыз басшысын Қазақстан президенті деп таныстырған.
– Ең әуелі Арменияға қайта оралған Қазақстан президенті Садыр Жапаровты қарсы алғым келеді, – деді Пашинян.
Қате басқа мемлекеттің басшысы қатысқан ресми шара кезінде болды.
Қызметінен босатылды
20 қазанда Армения үкіметінің сайтында Мемлекеттік протокол қызметін басқарған Гагик Ваноянды қызметінен босату туралы шешім жарияланды.
Ваноян бұл қызметті 2022 жылғы желтоқсаннан бері атқарып келген. 2026 жылғы тамызда ол қайтадан осы лауазымға тағайындалған еді.