Үүшінші күн: Ресей рубльі арзандап бара жатыр

Ulysmedia

 Алматы мен Астананың ақша айырбастау пунктерінде Ресей валютасының теңгеге шаққандағы бағамы төмендеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Фото: Ашық дереккөз

ҚР Ұлттық банкінің дерегіне сәйкес, 17 ақпан күні Ресей рублі 0,7 теңгеге төмендеп, 5,95 теңге болды.

Алматыдағы ақша айырбастау орындарында көрші ел валютасы 5,85- 6,1 теңге аралығында саудаланып жатыр.

Ал, Астанада 5,91 -5,95 теңге аралығында құбылып тұр. Жалпы, рубльдың арзандап бара жатқанына үш күн болды.

KASE қор нарығындағы кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 0, 74 теңгеге қымбаттады.

Бір АҚШ долларының орташа бағамы - 444, 77 теңге.

Дәл қазіргі уақытта бір доллар 447- 450 теңге аралығында сатылып жатыр.