Тұман, боран! Еліміздің басым бөлігінде ескерту жарияланды

Ulysmedia

18-19 қаңтарда еліміздің 12 өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Фото: Ашық дереккөз

"Қазгидромет" РМК мәліметінше, Маңғыстау облысының батысында, оңтүстігінде, орталығында көктайғақ болады деп болжанады. Түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде, оңтүстік-батысында тұман болады. Ақтауда көктайғақ болады деп болжанады. 

Ақмола облысының оңтүстігінде, солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын жүреді деп күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, солтүстігінде, шығысында оңтүстік батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.

Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын жүреді. Күндіз облыстың солтүстігінде оңтүстік батыстан соққан желдің екпіні 18 м/с дейін жетеді.

Алматыда түнде қар аралас жаңбыр түрінде қатты жауын-шашын, сондай-ақ тұман мен көктайғақ болады деп күтіледі. Қонаевта тұман, көктайғақ болады деп болжанады. 

Астанада күндіз оңтүстік батыстан 15-18 м/с жылдамдықпен жел соғады.

Түнде Абай облысының батысы, оңтүстік-батысында, күндіз солтүстігінде, орталығында, оңтүстігінде жаяу бұрқасын жүреді деп күтіледі. Облыстың оңтүстік-батысында, орталығында шығыстан, оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, Жарма ауданында 23 м/с дейін жетеді.

Күндіз Шығыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын жүреді деп күтіледі. Күндіз облыстың оңтүстік-шығысында шығыстан, оңтүстік шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с жетеді.

Қызылорда облысының орталығында көктайғақ, тұман болады деп болжанады. Күндіз Қызылордада - көктайғақ.

"Түркістан облысының оңтүстігінде, таулы аудандары мен тау бөктерінде – тұман. Таулы аудандарда солтүстік батыстан, батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды, Шымкент пен Түркістанда түнде және таңертең тұман болады деп күтіледі"."Қазгидромет" РМК

Қостанай облысының басым бөлігінде синоптиктер қар жауады деп болжайды. Облыстың оңтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасыг жүреді. Облыстың батысында тұман болады. Оңтүстік-шығыстан соққан жел оңтүстік батысқа ойысып, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында 15-20 м/с жылдамдықты құрайды.

Павлодар облысының оңтүстігінде қарлы боран болады деп күтіледі. Облыстың оңтүстігінде күндіз оңтүстік батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с дейін жетеді.

Күндіз Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде синоптиктер қар жауатынын болжайды. Облыстың оңтүстік-батысында, оңтүстігінде жаяу бұрқасын жүреді. Облыстың оңтүстігінде, күндіз оңтүстік-батысында оңтүстік шығыстан, оңтүстіктен соққан желдің екпіні 15-20 м/с болады.

18 ақпанға қараған түні Жамбыл облысының таулы аудандарында қалың қар жауады. 18-19 ақпанда облыстың батысында, оңтүстігінде, солтүстігінде, таулы аймақтарында тұман, көктайғақ болады. Оңтүстік батыстан оңтүстік шығысқа ойыса соққан желдің екпіні 18 ақпанда облыстың оңтүстік-батысында, таулы аудандарда 15-20 м/с құрайды, 19 ақпанда облыстың солтүстік-шығысында, таулы аудандарда соққан жел екпіні 15-20 м/с дейін жетеді. Таразда тұман, көктайғақ болады деп болжанады.