Қазақстанның бірқатар өңірінде күн суытып, аяз 11 градусқа дейін күшейеді

ЖИ

26 қазанда Қазақстанның бірқатар өңірінде күн суытады. Кей жерлерде түнгі ауа температурасы 11 градус аязға дейін төмендейді. Солтүстік өңірлерде жаңбыр мен қар жауса, оңтүстік пен батыста шаңды дауыл соғады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Қай өңірлерде аяз күшейеді?

Аяз Жетісу облысында күтіледі. Түнде ауа температурасы 2–7 градус аязға дейін, ал облыстың орталық бөлігінде 11 градус аязға дейін төмендейді. Талдықорғанда 9–11 градус аяз болады.

Жамбыл облысында түнде 3–8 градус аяз күтіледі. Таразда ауа температурасы 6–8 градус аязға дейін төмендейді.

Алматы облысында түнде 2–7 градус аяз болады. Алматы мен Қонаевта ауа температурасы 2–4 градус аязға дейін төмендейді.

Түркістан облысының солтүстігі мен батысында 1–3 градус аяз күтіледі. Түркістан қаласында да осындай температура болжанып отыр.

Шымкентте топырақ бетінде 2 градусқа дейін үсік жүруі мүмкін.

Қызылорда облысында да түнде ауа температурасы 3 градус аязға дейін төмендейді.

Қай өңірлерде қар жауады?

Солтүстік Қазақстан облысының шығысында түнде жаңбыр мен қар түрінде аздаған жауын-шашын түсіп, көктайғақ болады. Кей аудандарда тұман күтіледі. Петропавлда түнде және таңертең тұман түседі.

Павлодар облысының батысы мен оңтүстігінде жаңбыр аралас қар жауып, көктайғақ болуы мүмкін. Павлодар қаласында тұман күтіледі.

Қарағанды, Қостанай, Шығыс Қазақстан, Абай және Ұлытау облыстарында, сондай-ақ Жамбыл облысының таулы аймақтарында тұман түсуі ықтимал.

Оралда да түнде және таңертең тұман күтіледі.

Қай өңірлерде шаңды дауыл мен қатты жел болады?

Атырау облысының батысы мен оңтүстігінде күндіз шаңды дауыл соғады. Желдің жылдамдығы секундына 15–20 метрге дейін күшейеді.

Түркістан облысының солтүстігінде және Қызылорда облысының кей аудандарында, соның ішінде Қызылорда қаласында да шаңды дауыл күтіледі. Желдің екпіні секундына 15–20 метрге жетеді.

Маңғыстау облысында желдің жылдамдығы секундына 15–20 метрге дейін күшейеді. Шымкент пен Түркістан қалаларында да осындай екпінді жел болжанып отыр.

Алматы облысында, соның ішінде Алматының таулы аймақтарында желдің екпіні секундына 17–22 метрге дейін жетуі мүмкін.

Жамбыл облысында түнде желдің екпіні кей жерлерде секундына 25 метрге дейін күшейеді.

Ең қатты жел Жетісу облысындағы Алакөл көлдері маңында күтіледі. Мұнда желдің екпіні кей уақытта секундына 23–28 метрге дейін жетеді.

Қай өңірлерде өрт қаупі сақталады?

Күн суытқанына қарамастан, еліміздің кей өңірлерінде табиғи өрттердің шығу қаупі әлі де жоғары.

Атырау және Қызылорда облыстарында, сондай-ақ Маңғыстау, Ақтөбе, Қарағанды, Жетісу және Ұлытау облыстарының жекелеген аудандарында төтенше өрт қаупі жарияланды.

Түркістан, Жамбыл, Алматы, Батыс Қазақстан және Қостанай облыстарының кей аудандарында да өрт қаупі жоғары деңгейде сақталады.