АқтөбедеTikTok-тағы тікелей эфирде балағат сөз 42 жастағы ер адам бес тәулікке әкімшілік қамауға алынды. Ол эфир барысында әдепсіз қимылдар көрсеткен, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Ақтөбе облыстық полиция департаментінің мәліметінше, ер адам TikTok-тағы тікелей эфир кезінде бейпіл сөздер айтып, көрермендерге әдепсіз қимылдар көрсеткен.
Полицейлер эфир жүргізген адамның кім екенін анықтап, оны әкімшілік жауапкершілікке тартты.
Іс материалдары сотқа жолданып, сот 42 жастағы Ақтөбе тұрғынын бес тәулікке әкімшілік қамауға алу туралы шешім шығарды.
Құқық қорғау органдары әлеуметтік желілер де көпшілікке ашық орта саналатынын, сондықтан тікелей эфир кезіндегі әрекеттер үшін де жауапкершілік қарастырылғанын еске салды.
Яғни қоғамдық орындардағыдай, интернетте де балағат сөздер айтқаны, өзгелерді қорлағаны және заңға қайшы басқа да әрекеттері үшін жаза қолданылуы мүмкін.
Полиция тікелей эфир жүргізу адамды заң талаптарын сақтау міндетінен босатпайтынын атап өтті.