Түркияда зілзаладан соң жоғалып кеткен футболшының денесі табылды

Ulysmedia

Бұрын Түркиядағы жер сілкінісі кезінде хабар-ошарсыз кеткен деп есептелген Гана құрамасы мен «Хатайспор» түрік футбол клубының жартылай қорғаушысы Кристиан Атсу қаза тапты. Бұл туралы спортшының агенті Мұрат Ұзынмехмет Twitter-дегі аккаунтында жариялады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ашық дереккөз

«Христиан Атсу табылды. Өкінішке қарай, ол қайтыс болды», - деп жазды агент.

Айта кетейік, магнитудасы 7,7 және 7,6 болатын жер сілкінісі 6 ақпанда Түркияның оңтүстік-шығысындағы Газиантеп қаласының маңындағы Кахраманмараш провинциясында Сирия шекарасына жақын жерде болды. Түркияда 12 ақпанға дейін Жалпыұлттық аза тұту жарияланды. Соңғы мәліметтер бойынша Түркияда жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 39 мыңнан асты.