Пермь өлкесінің Чайковский қаласындағы жеті балабақшаға қару ұстағандар келді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Ауғанстан мен Шешенстан ардагерлерінің жергілікті комитетінің төрағасы Сергей Итжановтың айтуынша, балабақшаларға П.И.Чайковский атындағы индустриалды колледждің «Десантшы» әскери-спорттық клубының курсанттары келген.
Фотосуретке қарағанда, балалардың қолдарына қару берілген. Олардың кейбіреулері көк берет, кепка, камуфляж киген. Бұл іс-шараларды Итжановтың өзі «Ерлік сабағы», «Отан қорғаушылар күніне арналған көрсетілімдер», «экскурсиялар» және «әскери жаттығулар» деп атайды.
Сонымен қатар, Итжанов бірнеше жергілікті мектептердің фотосуреттерін жариялады.