БҚО-да кран құлап, жұмысшы қаза тапты

Pixabay

Батыс Қазақстан облысында құрылыс алаңында мұнаралы кран құлады. Оқиға кезінде кранның кабинасында отырған жұмысшы қаза тапты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Оқиғаның мән-жайы

Қайғылы оқиға 7 қарашада Бәйтерек ауданына қарасты Мичурин ауылында болған.

Көпқабатты тұрғын үй салынып жатқан кезде мұнаралы кран әзірге белгісіз себеппен құлаған. Сол сәтте кранды басқарып отырған жұмысшы оқиға орнында көз жұмған.

Полиция не дейді?

Батыс Қазақстан облысының полиция департаменті краншының қаза тапқанын растады.

Бұл оқиға бойынша тергеу басталды. Қазір тәртіп сақшылары кранның қандай себеппен құлағанын және жұмысшының қаза табу мән-жайын анықтап жатыр.

Полиция қайғылы оқиғаға қатысты өзге мәліметтерді әзірге жариялаған жоқ.