Қарағанды облысының Абай қаласында ерлі-зайыптының арасындағы жанжал қайғылы жағдайға ұласты. Полиция мәліметінше, ер адам сөзге келіспей қалған әйеліне пышақ сұққан. Жарақат алған 28 жастағы келіншек ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Полицияның мәліметінше, ерлі-зайыпты алдымен сөзге келмей қалған. Кейін жанжал ушығып, 34 жастағы ер адам әйеліне пышақ сұққан.
Зардап шеккен келіншек ауруханаға жеткізілді. Оның қазіргі жағдайы туралы әзірге ақпарат жоқ.
Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Қазір тергеушілер оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр.