Бұл туралы экс-депутат әлеуметтік желідегі парақшасында мәлім етті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
"Атырау қаласы, 2023 жылғы 20 ақпан. Облыстық сотта әділдік үшін күресті жалғастырамыз! Апелляциялық сатыда қалалық соттың сауатсыз үкімі бойынша апам Бақытгүлдің жолдаған шағымы қаралғалы жатыр", - делінген жазбада.
Еске салсақ, Атырау облысы әкімінің бұрынғы орынбасары Бақытгүл Хаменова мен мәдениет басқармасының басшысы Ақылбек Рысқалиев Абай ескерткішін дайындау мен орнатуға келісім жасасқаны үшін 4,5 миллион теңге көлемінде пара алғаны үшін сотталған болатын. "Балқыту" ЖШС директоры Өміртай Адамовқа пара берді деген айып тағылды. Б.Хаменова 7 жылға бас бостандығынан айырылды, бірақ кәмелетке толмаған екі баласының болуына байланысты үкімнің орындалуы 3 жылға шегерілді. Сондай-ақ ол өмір бойына мемлекеттік лауазымда қызмет атқару құқығынан айырылды. Ал А.Рысқалиев 7 жылға, Ө.Адамов 4 жылға сотталды.