Құрылтай Қазақстан Жоғарғы сотының жаңа судьясын сайлады

Ulysmedia коллажы

Асан Ескендіров Қазақстан Жоғарғы сотының судьясы атанды. Бұған дейін ол Конституциялық сотта жұмыс істеген, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Жаңа судья туралы не белгілі?

Құрылтай Асан Ескендіровті Қазақстан Конституциясының 56-бабына сәйкес сайлады.

Ол бұрынғы қызметіне қайта оралып отыр. Ол 2015 жылғы желтоқсаннан бастап Жоғарғы соттың судьясы болған. Кейін Конституциялық сотқа ауысып, биылғы қыркүйекке дейін сонда жұмыс істеді.

Асан Ескендіровтің еңбек жолы

Асан Ескендіров сот жүйесінде 30 жылға жуық уақыттан бері еңбек етіп келеді. Еңбек жолын Көкшетауда судья болып бастаған. Кейін Ақмола және Павлодар облыстарының экономикалық соттарына төрағалық етті. Сондай-ақ Ақмола облыстық сотында жұмыс істеді.

Еске салайық, Жоғарғы сотты Асламбек Мерғалиев басқарады. Ол биыл шілдеде осы қызметке қайта тағайындалды.

Сізге қызық болуы мүмкін