Қаңтар оқиғасынан кейін Алматыдағы ҰҚК-ні басқарған генерал комитет төрағасы болды

wkau.edu.kz

 Марат Ирменов ҰҚК төрағасы болып тағайындалды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Мән-жай

Тиісті жарлыққа президент Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойды.

– Мемлекет басшысының жарлығымен Марат Ғатаұллаұлы Ирменов Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды, – деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Марат Ирменов кім?

Марат Ирменов 1993 жылы Батыс Қазақстан ауыл шаруашылығы институтын, 1996 жылы ҚР ҰҚК институтын, 2000 жылы Халықаралық құқық және нарық академиясын бітірген.

1996-2000 жылдары ұлттық қауіпсіздік органдарында жедел қызметтер атқарған. 2000-2025 жылдары осы органдардың басшылық лауазымдарында жұмыс істеген.

2025 жылғы қазаннан бері ҚР ҰҚК төрағасының орынбасары қызметін атқарған.

Марат Ирменов II дәрежелі «Даңқ» орденімен, мемлекеттік, ведомстволық және мерейтойлық медальдармен марапатталған. Ол – ҚР ҰҚК-нің Құрметті қызметкері. 2019 жылы Президент жарлығымен оған ұлттық қауіпсіздік генерал-майоры арнайы атағы берілген.

Бұған дейін

Еске салайық, бұған дейін Ермек Сағымбаев ҰҚК төрағасы қызметінен босатылғанын хабарлаған едік.

Сізге қызық болуы мүмкін