Ресейде соғысқа барудан бас тартқан медицина қызметінің лейтенанты тергеліп жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz BBC-ге сілтеме жасап.
Әскери дәрігер Денис Васильев 2022 жылдың жазынан бастап солтүстік флоттың әскери бөлімдерінің бірінде қызмет еткен.
Адвокат Павел Чиковтің сөзінше, офицер жұмыстан босатылу туралы рапорт берген. Қыркүйек айында Васильев Ресей Қарулы Күштерінен мерзімінен бұрын босатылуға ұсынылған, бірақ ішінара мобилизация жарияланғандықтан жұмысынан шығып үлгермеген екен.
Солтүстік флоттың медициналық қызметінің басшылығы оны Солтүстік Мұзды мұхиттағы «Франц Джозеф жеріне» ауысу жөнінде ұсыныс жасаған. Васильев бұл ұсынысқа келісім берген. Алайда жұмысын ауыстырып үлгергенше бөлімге соғыс аймағына жіберу туралы тағы бір бұйрық келіпті. Ал бұл бұйрықты дәрігер жеке сенімі бойынша орындаудан бас тартқан.
Васильевке 3 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Себебі Печенг гарнизоны бойынша әскери тергеу бөлімі оған қатысты Ресей Федерациясының Қылмыстық кодексінің 332-бабының 2.1-бөлігі (жұмылдыру кезеңінде бұйрықты орындамау) бойынша қылмыстық іс қозғаған.
Айта кетейік, бұдан бұрын ресейлік журналист Мария Пономаренко Украинадағы соғыс жайлы жазбасы үшін 6 жылға сотталған еді.