Украинада соғыс басталғанына 1 жыл: Инга Иманбай Алматыда пикет өткізбек

Ulysmedia

Тіркелмеген Демпартия басшысы Жанболат Иманбайдың жары, журналист Инга Иманбай Украинадағы соғыстың басталуына 1 жыл толуына орай пикет өткізбек, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

әлеуметтік желіден

Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

“Өткен аптада Украинадағы соғыстың басталғанына 1 жыл толуына орай 24 ақпанда пикет өткізу туралы хабарлама жібердім. Өзінің тәуелсіздігі мен мемлекеттілігі үшін күресіп жатқан украин халқына қолдау білдіруге ниеттімін. Менің ойымша, 24 ақпан – бұл Украина үшін ғана емес, тәуелсіз және гүлденген мемлекетте өмір сүргісі келетін Қазақстан азаматтары үшін де маңызды күн. Егер Украина құласа, агрессордың шабуылына тойтарыс бере алмаса, онда бұл біздің жағдайымызға да әсер етері сөзсіз. Сондықтан, осы оқиғаларға деген көзқарасымды білдіру міндетім деп есептеймін”, – деді журналист.

Инга Иманбайдың айтуынша, Алматы әкімдігі әлі хабарламаға жауап бермеген. 

Айта кетейік, бұдан бұрын журналист Мәжіліске кандидат ретінде тіркелгенін мәлімдеген.