Қазақстанда мәслихат депутаттарын сайлауда дауыс бергендердің үлесі 50 пайыздан асты

Ulysmedia.kz

Қазақстанда мәслихат депутаттарын сайлауда дауыс бергендердің үлесі 50 пайыздан асты. Сағат 16:00-ге дейін сайлаушылардың 53,86%-ы дауыс берген, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Қай өңірде сайлаушылардың белсенділігі жоғары?

Орталық сайлау комиссиясының соңғы мәліметінше, Түркістан облысы көш бастап тұр. Өңірде сайлаушылардың 69,84%-ы дауыс берген. Одан кейін Жетісу (68,03%) және Қызылорда (67,36%) облыстары тұр.

Ақтөбе облысында да сайлаушылар жоғары белсенділік танытқан – 66,19%. Абай облысында сайлаушылардың 63,02%-ы, Шығыс Қазақстан облысында 61,47%-ы дауыс берген.

Қалған облыстарда дауыс беру көрсеткіші 51–57% аралығында.

Ең төмен көрсеткіш Алматыда тіркелді – 33,73%. Сағат 16:00-ге дейін Астанада сайлаушылардың 39,91%-ы, Шымкентте 40,23%-ы дауыс берген.

Қазақстандықтар кімді сайлап жатыр?

Еске салайық, 29 қарашада Қазақстанда барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарын сайлау өтіп жатыр. Ел бойынша 228 жергілікті өкілді органға 3 447 депутат сайланады. Сайлаушылар тізіміне 12,6 миллионнан астам азамат енгізілген.

Астанада 446, Алматыда 670, ал Алматы облысында 683 сайлау учаскесі жұмыс істеп тұр.

Сізге қызық болуы мүмкін