Қарағандыда жол жөндеуге бөлінген 2 миллиард теңгеден астам қаржы ұрланған

Ulysmedia

Қарағанды ​​облысының прокуратурасы Қарағанды ​​көшелерін күрделі жөндеуге бөлінген 2 миллиард теңгеден астам бюджет қаражатын жымқыру фактілерін анықтады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ашық дереккөз

Атап айтқанда, қадағалау органының мәліметінше, Қарағанды ​​қаласының коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің лауазымды тұлғалары бюджет қаражатының ұрлануына әкеп соқтырған іс жүзінде орындалмаған жұмыс актілеріне қол қойған.

Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексiнің 189-бабының 4-бөлігінің 2-тармағы ("Сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу") бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.Қарағанды ​​облысы прокуратурасының баспасөз қызметі

Қадағалаушы орган қылмыстық іс прокуратураның бақылауында екенін атап өтті.