Ресей әскері Херсонды атқылады: Кем дегенде 6 адам қаза тапты

Ulysmedia

Ресей әскері Херсон қаласының орталығына оқ жаудырды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ашық дереккөз

Херсон қорғаныс комендатурасының басшысы Дмитрий Плетенчуктың айтуынша, кемінде алты адам қаза тапқаны белгілі болды.

Херсон облыстық әскери басқармасының басшысы Александр Прокудиннің айтуынша, қалада кем дегенде 20 жарылыс дыбысы естілген. Ол шабуылдар Град қондырғыларынан жасалған деп болжады.

The Most басылымы оқиға куәгерлеріне сілтеме жасай отырып, снарядтардың бірі сол кезде адамдар болған қала орталығындағы қоғамдық көлік аялдамасына түскенін жазады.

Қалада атқылау басталғаннан кейін интернетте ақаулар орын алған. Алдын ала мәлімет бойынша, бұл кабельдің зақымдануынан болды.