Алматы әкімдігі сотқа түскен арыздан кейін феминистерге шеру өткізуге рұқсат берді

Ulysmedia

Алматы билігі белсенділерді Халықаралық әйелдер күні шеру өткізуге келісім берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Коллаж: ulysmedia.kz.

Феминистердің хабарлауынша, 21 ақпанда олар Алматы әкімдігінен тиісті ресми қаулы алған. 

"Біраз уақыттан кейін біз митингтің қажеттіліктеріне қаражат жинаудың басталуы туралы хабарлама жариялаймыз", – деп хабарлады белсенділер.

20 ақпанда олар биліктен 8 наурыздағы шеруді келісуді талап етіп, сотқа шағым түсірген еді.

Еске сала кетейік, 2022 жылдың желтоқсанында әкімдік фембелсенділерге 8 наурызда шеру өткізуге рұқсат бермеген. Билік тарапы мұны волонтерлер лигасының сол тұста өтуімен түсіндірген. Қазақстанда әйелдер құқығы үшін шерулер мен митингтер 2017 жылдан бері өткізіліп келеді.