НАТО-ның 2024 жылғы саммиті АҚШ-та өтетін болды

Ulysmedia

АҚШ президенті Джо Байден НАТО-ның келесі саммиті 2024 жылы Америка Құрама Штаттарында болатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ашық дереккөз

Келесі жылы мен НАТО-ға мүше мемлекеттердің басшыларын АҚШ-та өтетін саммитте қабылдаймын, – деді Байден Польшаға сапары кезінде сөйлеген сөзінде.

Оның айтуынша, 2024 жылы Солтүстік Альянс құрылғанына 75 жыл толатынын атап өтеді.

Биыл 11-12 шілдеде Литваның астанасы Вильнюс қаласында НАТО басшыларының саммиті болады.