Түркияда бірнеше мәрте қайталанған жер сілкіністерінен кейін 341 адам қамауға алынды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz TRT-ға сілтеме жасап.
Қираған ғимараттарды талапқа сай салмады деген күдікпен 564 адамға қатысты тергеу жүргізіліп жатыр. Олардың кейбірі іздеуде, 160-қа жуығы қамауға алынды.
Сондай-ақ, тонау ісі бойынша бойынша 282 адамның үстінен іс қозғалған. Олардың 181-і ұсталды.
Еске салайық, 6 ақпанда Түркияның оңтүстік-шығысындағы Кахраманмараш провинциясында 7,7 және 7,6 балдық жер сілкінісі болды. Жүздеген жер сілкінісімен жалғасқан зілзала елдің 10 провинциясы мен көршілес мемлекеттерде сезілді, оның ішінде Сирия ең көп зардап шеккен. Соңғы мәліметтер бойынша, Түркияда табиғи апат салдарынан 43 мыңнан астам адам қаза тапты.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметке Түркияға көмектесу үшін 1 миллион доллар бөлуді тапсырды. Бұған дейін Қазақстаннан Түркияға қосымша гуманитарлық жүк тиелген ұшақ ұшқан болатын.