Ресей Украинаға қарсы ядролық қару қолдануы мүмкін бе – РФ елшісінің жауабы

Ulysmedia

Ресей Украинаға қарсы соғыста тактикалық ядролық қаруды қолданбайды. Бұл туралы Ресей Федерациясының Ұлыбританиядағы елшісі Андрей Келин LBC радиостанциясына берген сұхбатында мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

фото: ашық дереккөзден

"Бұл қақтығыста қолданылмайды. Бізде ядролық қаруды қашан қолдануға болатыны нақты көрсететілген доктрина бар –  Ресейге ядролық шабуыл жасалған жағдайда немесе конвенциялық шабуыл біздің мемлекетімізді жойып жіберерлік қауіп төндірсе", – деді Келин.

Елші қазіргі қақтығыс аталған санаттардың ешқайсысына жатпайтынын атап өтті.

Айта кетейік, бұдан бұрын БҰҰ Ресей соғыс ашқалы Украинада қаза тапқан бейбіт тұрғындар санын жариялаған.